Жәңгір хан атындағы БҚАТУ 2022 жылдан бері сапаны бақылау 5 жұмыс пакеті бойынша көшбасшы болып бекітілген. Бұл жұмыс пакетін іске асыру бағыттарының бірі – Сапаны басқару тобының қызметі.

2023 жылдың 16 наурызында ZOOM платформасы негізінде Эразмус+ бағдарламасының «Компьютерлік ғылымдар саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық» (ACeSYRI) жобасының (тіркеу номері 610166-EPP-1-2019-1-SK-EPPKA2-CBHE-JP) сапаны басқару  тобының жиналысы өтті.

Кездесу барысында жобаның сапа бойынша офицері Сұлтанова Замзагүл АУЭС-те (Алматы энергетика және байланыс университеті) өткен Координациялық жиналыстың қорытындысы бойынша сауалнама нәтижелерін баяндады, сонымен қатар сыртқы аудиторды таңдау критерийлері және жұмыс пакетін әрі қарай іске асыру сұрақтары талқыланды.

ACeSYRI жобасының сапаны бақылау тобының жиналысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған