4 сәуір күні Жәңгір хан университетіне «Қазақстанда өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехника үшін қосарлы білім беру (DIARKAZ)» ERASMUS+  халықаралық жобасы аясындағы жұмыс тобының өкілдері жиналды. Атап айтқанда, бұл басқосуға М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, Павлодардағы «Инновациялық Еуразия университеті», сондай-ақ Австрияның Грац қаласындағы FH JOANNEUM қолданбалы ғылымдар университеті  мен Сербияның «Novi Sad» университеті ғалымдары мен жоба үйлестірушілері келді.
Үлкен жиынның алғашқы күні «Өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехникада қосарлы оқыту: бағдарламаны әзірлеу және енгізу» атты кезекті отырыспен басталды.

Халықаралық жобасы аясындағы бас қосу

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған