1 наурыз күні Жәңгір хан университетінде Эразмус+ бағдарламасының «Компьютерлік ғылымдар саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық» (ACeSYRI) жобасының (тіркеу номері 610166-EPP-1-2019-1-SK-EPPKA2-CBHE-JP) жұмыс тобының жиналысы өтті.

Кездесуде жоба координаторының көмекшісі, «Ақпараттық технологиялар» орталығының директоры Г.А.Камалова және «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің аға оқытушысы Ж.М.Абуова жобалық топ мүшелерінің 13-15 ақпан аралығында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және телекоммуникация университетінде өткен Erasmus+ бағдарламасы бойынша «Компьютерлік ғылымдар саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық» жобасы бойынша Үйлестіру кеңесіне қатысулары туралы есеп берді.

Сондай-ақ, жиналыс барысында жобаны одан әрі іске асыру мәселелері талқыланды.

ACeSYRI жобасының жұмыс тобының жиналысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған