Жәңгір атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жұмыс тобының мүшелері 13-15 ақпан аралығында Erasmus+ бағдарламасы бойынша «Компьютерлік ғылымдар саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық» жобасы бойынша Үйлестіру кеңесіне қатысу шеңберінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және телекоммуникация университетінде болды.

Жұмыс тобының мүшелері «Цифрлық даму» орталығының директоры Г.А.Камалова, «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің аға оқытушысы Ж.А.Абуова және жоба әкімшісі, ACeSYRI жобасының сапасы жөніндегі офицер З.Х.Сұлтанова ACeSYRI жобасының Үйлестіру кеңесінің бағдарламасына сәйкес бірқатар іс-шаралар өткізді.

Атап айтқанда, «Цифрлық даму» орталығының директоры Г.А.Камалова және «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің аға оқытушысы Ж.А.Абуова университетіміз бен университеттің жобалық командасының құрамы туралы презентация жасады. Өткен жылы университетте жоба тобы өткізген іс-шаралар туралы презентацияны жоба әкімшісі, экономика ғылымдарының кандидаты Замзагүл Сұлтанова ұсынды. Сондай-ақ Замзагүл Хамитқызы сапа жөніндегі офицер ретінде ACeSYRI жобасының барлық қатысушыларының сапаны бақылауды жүзеге асыруына байланысты презентациялар жасады.

Сапар барысында жоба тобының өкілдері ACeSYRI жобасы аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Erasmus+ ACeSYRI жобасы тобының АУЭС-ке ұтқырлық сапары

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған