8-10 қарашада Сәтбаев университетінің делегациясы Қостанай қаласына келіп, ЖШС «СарыарқаАвтоПром» және М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде болды.

      

Делегация құрамында:

• Шоқпаров Әлібек Жұмабекұлы – Сәтбаев университетінің ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры

• Елемесов Қасым Көптілеуұлы – Сәтбаев университетінің Энергетика және машина жасау институтының директоры

• Нұғман Ерік Зейнелұлы – Сәтбаев университетінің «Машина жасау» кафедрасының меңгерушісі

• Исаев Сырдан Әділханұлы – Сәтбаев университетінің Халықаралық талдау және өрістерді дамыту орталығының техникалық директоры

Талқылаудың басты мәселесі – еліміздің машина жасау саласын дамыту үшін жаңа өнеркәсіптік инженерлер буынын тәрбиелеу. Осы мақсатта М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ мен Сәтбаев университеті арасында инженерлік кадрларды мақсатты түрде даярлау бойынша Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен, Қазақстандағы ең көне және ең беделді техникалық жоғары оқу орындарының бірі ретінде Сәтбаев университеті және аймақтық университет ретінде М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ базалық университеттер ретінде айқындалған. Ал «СарыарқаАвтоПром» өз кезегінде ірі машина жасау кәсіпорны ретінде кәсіби дағдыларды қалыптастыру алаңына айналады.

М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті мен Сәтбаев университеті арасында инженерлік кадрларды мақсатты түрде даярлау бойынша ынтымақтастық туралы келісім

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған