16 қыркүйек күні Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да Erasmus+ бағдарламасының «Компьютерлік ғылымдар саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық» (ACeSYRI) жобасы аясында жас зерттеушілерге арналған тренинг өтті.

ACeSYRI жобасы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жас зерттеушілерге дамуларына зор мүмкіншіліктер береді. Тренинг барысында жас зерттеушілер ACeSYRI жобасының портал жұмысының ерекшеліктерімен, сондай-ақ онда тіркелу механизмімен таныстырылды. Тренингті жобалық топтың мүшесі, жобаның техникалық қызметкері Гумарова Айнұр Агедиловна өткізді. Тренингтің қорытындысы бойынша жас зерттеушілер жоба порталына тіркелді.

ACeSYRI порталында тіркелу бойынша тренинг

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған