2020 жылдың 15 қазанында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 7М06100 – «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» білім беру бағдарламасының 1 және 2 курс магистранттары және 5B070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4-ші курс студенттерімен ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге бакалавриат және магистратураның білім алушыларымен қатар ақпараттық технологиялар Жоғары мектебінің оқытушылары қатысты.

Шараның мақсаты Erasmus+ «Компьютерлік ғылымдар саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық» (ACeSYRI) жобасын іске асыру туралы ақпараттық технологиялар саласындағы жас ғалымдарды ақпараттандыру болатын.

Кездесуді ұйымдастырушылар жиналған қауымға ACeSYRI жобасының негізгі бағыттары және Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да іске асырылу қарқыны жөнінде айтып берді. Осылайша, жоба координаторы, ақпараттық технологиялар Жоғары мектебінің басшысы, физика-математикалық ғылымдарының кандидаты Г.А.Камалова жиналғандарға жобаның мақсаты, міндеттері, командасы және жобаны іске асыруға жас зерттеушілердің тартылуы туралы ақпаратты баяндады. Жоба командасының мүшесі педагогика ғылымдарының докторы О.В.Насс ҒЗЖ одан әрі жүзеге асыруға қызығушылықты анықтауға бағытталған онлайн сауалнаманың нәтижелерімен таныстырды. Респонденттердің жауаптары мен ұсыныстарының саны жоба проблематиканың өзектілігін көрсетті.

Кездесу сонында жоба администраторы З.Х.Султанова «Erasmus+ бағдарламалары туралы не білеміз?» атты қызықты онлайн викторина өткізді.

Кездесу достық атмосферасында өтті, оның барысында кездесуге қатысушылар жобаға білім алушылардың және оқытушылардың әрі қарай қатысу мүмкіндіктерін талқылады.

Erasmus days 2020 шенберінде Erasmus+ ACeSYRI жобасы туралы ақпараттық кездесу

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған