Халықаралық Erasmus Days 2020 шарасы шеңберінде «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері саласында ЖОО-нан кейінгі білім беруді жетілдіру – SAGRIS» Erasmus + халықаралық жобасының онлайн презентациясы өтті.

Онлайн-презентация барысында жоба, оның тарихы, идеясы, өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат берілді. Қазақстаннан, Ресейден, Германиядан, Чехиядан 110-нан астам қатысушылар қатысты. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дан жобаның жұмыс тобы, Агротехнология институты және Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институтының магистранттары, докторанттары , сонымен қатар университеттің жас оқытушылары қатысты. Жоба координаторы, педагогика ғылымдарының кандидаты И.В. Богдашкина 4-модуль «Тұрақты ауыл шаруашылығының пәнаралық зерттеу әдістері» тақырыбында онлайн-презентациямен сөз сөйледі.

Шара жас ғалымдарға (магистранттар, аспиранттар, докторанттар, оқытушылар мен зерттеушілерге) SAGRIS жобасын іске асыруға белсенді қатысатын сарапшылармен диалог құруға; жобаны іске асыру үдерісіне қатысу мүмкіндігі туралы, жоба аясында жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жайлы мәлімет алуға мүмкіндік берді.

 

SAGRIS жобасы бойынша Erasmus Days 2020 шарасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған