2020 жылдың 5 қыркүйегінде 609757-EPP-1-2019-1-RS-EPPKA2-CBHE-JP «Қазақстандағы индустриалды автоматика және робототехника бойынша қосарлы білім беру» / DIARKAZ жобасы бойынша «Қосарлы білім беру негіздері» тақырыбында семинар өтті. Оған Нови Сад университеті (Сербия), FH JOANNEUM Gesellschaft mbH (Қолданбалы ғылымдар университеті, Австрия), Баден-Вюртемберг қосарлы білім беру университеті (Германия), Қазақстанның жоғары оқу орындары (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, ҚИнЭУ, Инновациялық Еуразия Университеті), сондай-ақ «СарыарқаАвтоПром» және «Орал трансформатор зауыты» ЖШС өкілдері қатысты. Семинар дәріскері Қолданбалы ғылымдар университетінің доценті Хаген Хохриннер (Австрия). Семинарда қосарлы білім беру мәселелері: тұжырымдама, ұйымдастыру, контентті әзірлеу, дипломдық жұмыстың сапасын, құрылымын және ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, академиялық жетістік, бакалавриат пен магистратураның қос бағдарламаларының сабақтастығы қарастырылды. Сондай-ақ «Жұмыс негізінде оқыту» және «Жетістік факторы» туралы түсінік берді. Семинар қазақстандық ЖОО мамандарының білім деңгейін арттыруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Осылайша, білім беру бағдарламаларының сапасы, студенттерді оқыту сапасы жақсарады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған