22 қыркүйекте «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері саласында ЖОО-нан кейінгі білім беруді жетілдіру (SAGRIS)» Erasmus+ халықаралық жобасының басқарушы комитетінің отырысы өткізілді. COVID-19 таралу себебінен отырыс Zoom платформасында онлайн түрде өтті. Онлайн-кездесуде университет атынан Богдашкина И.В. мен Иргалиева Г.Х. қатысты. Олар 4-модуль бойынша «Дипломнан кейінгі / докторантураға арналған SAGRIS модульдерін әзірлеу» пәнаралық зерттеу әдістері туралы презентациямен сөз сөйледі. Отырыста 2020 жылдың шілде-қыркүйек айларында өткізілген іс-шараларға шолу ретінде келесі мәселелер талқыланды: құрылған модульдік жұмыс топтарына шолу (құрылымы, міндеттерді бөлу және әдістемелік қолдау), нәтижелер, модульдерді әзірлеу барысы; SAGRIS модульдерін әдістемелік қолдау туралы келісім: модульдің өзгертілген шаблонын ұсыну, модуль шаблонына түсініктемелерді қарау, әрі қарайғы әдістемелік / дидактикалық семинарларды өткізу қажеттілігін және оларды жобалық қызметке біріктіру мүмкіндігін талқылау; SAGRIS модульдерін дамыту бойынша келесі іс-шараларды жоспарлау: оқыту нәтижелерін, мазмұнын, әдістемесін әзірлеу; модуль материалдарын әзірлеу; ECTS кредиттерін бөлу; сапа менеджменті жоспарына шолу: сапаны қамтамасыз ету стратегиясы мен жаңартылған сапа менеджменті жоспарының презентациясы; сапаны бақылау міндеттерін нақтылау, жүктелген міндеттер туралы келісім.

 

«Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері саласында ЖОО-нан кейінгі білім беруді жетілдіру (SAGRIS)» Erasmus+ халықаралық жобасының басқарушы комитетінің 4-отырысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған