27 тамыз 2020 ж. Erasmus+ SAGRIS халықаралық жобасының «Климаттың өзгеруі жағдайындағы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы жүйесі» 2 Модуль бойынша ЖОО аралық жұмыс тобының кезекті 4 отырысы өтті. Бейне-конференцияның ұйымдастырушысы-Michal Lostak, Prof. PhDr., Ph.D.. First Vice-Rector Czech University of Life Sciences Prague. Czech Republic. Бейнеконференцияға модуль бойынша жауаптылар мен Жәңгір хан ат. БҚАТУ, С. Сейфуллин ат. ҚАТУ, ҚазҰАУ, Бурят МАША, Ставропольск МАУ, Прагадағы Чех жаратылыстану ғылымдары университеті өкілдері қатысты.

Біздің университетімізден видеоконференцияда Модуль 2 бойынша жұмыс тобының құрамы: жауапты – доцент м.а., PhD Нагиева А. Г. қатысты.

Онлайн-жұмыс барысында РФ және КЗ әріптес жоғары оқу орындары ұсынған бекітілген кіші тақырыптар бойынша әзірленген материалдар (оқытудың мақсаттары мен міндеттері, ғылым докторларын даярлау деңгейін ескере отырып оқыту нәтижелері- перспективалық мәселелер және инновациялық бағалар) талқыланды. Материалдар Чех жаратылыстану ғылымдары университетіне түсініктеме беру үшін ұсынылды.

«Климаттың өзгеруі жағдайындағы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы жүйелері»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған