14 сәуір күні XXIII халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында «Қазіргі заман жағдайында ғылым мен білім беруді дамытудың өзекті мәселелері сын-қатерлер» Erasmus+ ACeSYRI «Информатика саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық» (ACeSYRI) жобасы бойынша «Ғылым, білім және өндірістегі цифрлық трансформация» секциясы өз жұмысын жүргізді.

Кіріспе сөзбен ACeSYRI жобасының үйлестірушісі, Словакиядағы Жилин университетінің «Информатика» кафедрасының профессоры Елена Зайцева сөз сөйледі.

Айта кету керек, басқосуда ынтымақтастықта жүргізілген зерттеулердің нәтижелері, сондай-ақ Орал, Қарағанды, Алматы және Астана университеттерінің ғалымдарының, Ресей Федерациясының, Словакияның, Францияның шетелдік әріптестерінің баяндамалары ұсынылды. Сонымен қатар жас талантты зерттеушілер – IT мамандықтары бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері тартылды.

Зерттеу нәтижелері ұсынылды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған