«Қазақстанда өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехника үшін қосарлы білім беру (DIARKAZ)» ERASMUS+  халықаралық жобасы аясындағы жұмыс тобының өкілдері 4-6 сәуір күндері Жәңгір хан университетінде бас қосты.

Атап айтқанда, бұл жиынға М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, Павлодардағы «Инновациялық Еуразия университеті», сондай-ақ Австрияның Грац қаласындағы «Қолданбалы ғылымдар университеті» (FH JOANNEUM) мен Сербияның «Novi Sad» университеті ғалымдары мен жоба үйлестірушілері келді. Үшкүндік іс-шара «Өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехникада қосарлы оқыту: бағдарламаны әзірлеу және енгізу» атты кезекті отырыспен басталып, әр білім ордасындағы қосарлы оқыту бағдарламалары жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар жоба нәтижелерінің даму тұрақтылығы, LLL бағдарламасы  талқыланды. Жоба мүшелері Орал трансформатор зауытында болып, зауыт қызметімен танысты, практикадан өтіп жатқан студенттермен кездесті. Тағы бір айтулы шара – жоба мүшелерінің «Робототехника жүйелері» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жүрген студенттермен кездесіп, пікір алмасуы. 6 сәуір күні үшкүндік отырыстар қорытындыланды.

Жоба мүшелері университетке келді

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған