12 наурызда ҚИНЭУ-ге «Allur» КТ АҚ Директорлар Кеңесі Төрағасының кеңесшісі Айгүл Сапарғалиқызы Ахметова және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС Корпоративтік университетінің басшысы Людмила Юрьевна Олкинян келді. Сапар барысында серіктестерге университет зертханалары, оның ішінде «автоматика жүйелері және мехатрондық жүйелерді басқару құрылғылары» жаңа зертханасы ұсынылды, іске асырылып жатқан ынтымақтастық бағыттары талқыланды.

Талқылау дуальды оқытудың тиімді жүйесін дамыту және бизнес пен білім беруді интеграциялау мақсатында «Allur» КТ «Жоғары инженерлік мектеп» АҚ-ның жаңа жобасының таныстырылымында жалғасты. Іс-шараға өңірдің жоғары оқу орындары мен колледждерінің, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «Агромашхолдинг KZ» АҚ, «QazTehna» ЖШС, «Allur»КТ ақ жобалық кеңсесінің өкілдері қатысты.

Қатысушылар «бизнес – білім беру» өзара іс-қимыл тәжірибесімен бөлісті, жұмыс көптеген бағыттар бойынша жүргізіліп жатқанын және жақсы нәтижелерге ие екенін, бірақ бөлек және жүйелі түрде жүргізілмейтінін мойындады. Жоғары инженерлік мектептің міндеті оң тәжірибені жинақтау, оны бір-біріне беру, республикада машина жасау саласын дамыту мақсатында білім беру сапасын арттыру жөніндегі академиялық және бизнес ортаның қызметін жүйелеу болады. «Робототехникалық жүйелер» дуалды білім беру бағдарламасын іске асыру тәжірибесі, әрине, бастапқы нүкте болады.

«Allur» КТ АҚ жаңа жобасының презентациясы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған