20-24 қыркүйек аралығында. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің базасында ERASMUS + 610383-EPP-1-2019-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP (2019-2086) Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақтың ауыл шаруашылығы жүйелері бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жетілдіру (SAGRIS) халықаралық жобасы аясында «Климаттың құбылмалы жағдайындағы өсімдік және мал шаруашылығы жүйелері» 2 модулі бойынша 1 блоктық семинар өткізілді.

Блоктық семинар 2 ЖОО базасында өтті:

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті (Қостанай, Қазақстан)

В.Р. Филиппова атындағы Бурят мемлекеттік ауылшаруашылық академиясы (Улан-Удэ, Бурятия Республикасы, Ресей)

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ тарапынан Нагиева А.Г., Закирова Ф.Б., Иргалиева Г., докторанттар Кужебаева У., Дукеева А. қатысты.

Бір аптаға созылған семинарда климаттың өзгеруі жағдайында ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланып, аймақтағы прогрессивті ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына бару, олардың климаттың өзгеруіне қалай әрекет ететінін көрсету сынды мәселелер талқыланды. Аталмыш семинарға Қазақстан, Ресей, Чехия, Германия және Польша ғалымдары қатысты.

Қатысушылар қазақстандық «Бек+» сүт-тауарлы фермасы, «Терра» КХ және «Трояна» ЖШС кәсіпорындарында болды.

Семинар барысында Агрономия мамандығының 2 курс докторанты Дукеева А.К. «Ауыл шаруашылығының топырақ құнарлылығына әсері» тақырыбында баяндама жасады (жетекшісі Нагиева А.Г.)

Докторанттар мен аспиранттар семинар барысында дайындалған кейстерді көрсетті. Сондай-ақ Ресей мен Қазақстан өкілдерінің қатысуымен «Климаттың өзгеруі жағдайындағы болашақ ауыл шаруашылығының мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара бетпе-бет және қашықтықтан өткізілді.

 

«Климаттың өзгеруі жағдайындағы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы жүйелері»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған