ERASMUS «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақтың агрожүйелері саласында жоғары оқу орнынан кейін білім беруді жетілдіру» (SAGRIS) халықаралық жобасының аясында 2021 жылғы 6 желтоқсаннан бастап 10 желтоқсан аралығында «Ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері» деп аталатын 3-модуль бойынша 1-ші блок-семинар өтуде. Осы модуль бойынша блок-семинарды жүзеге асыру үшін Қазақстанның тарапынан С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехнологиялық университеті және Ресейдің тарапынан Ставраполь мемлекеттік аграрлық университеті жауапты. Блок-семинардың жұмысына Еуропа елдерінің, Ресей мен Қазақстанның серіктес жоғары оқу орындарының аспиранттары, PhD докторанттары және профессорлық-оқытушы құрамы қатысуда. COVID-19 байланысты енгізілген шектеулерді ескере отырып, блок-семинар Қазақстан мен Ресейдің арасында гибридтік форматта өтуде, ал Еуропа Одағының елдеріндегі ғалымдар мен сарапшылар онлайн байланысқа шығуда.
Блок-семинардың бағдарламасы бойынша Франциядағы, Чехиядағы, Польшадағы, Ресейдегі және Қазақстандағы ғалымдар дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізуде. Білім алушылар топтық тапсырмаларды орындауда және өз зерттеулерінің таныстырылымын дайындауда.