2020 жылы 29 сәуірде Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы жоғары мектебінде және 30 сәуірде Агротехнология факультетінің «Топырақты қорғау және жер қорларын тиімді пайдалану» конференциясында, Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы жоғары мектебінің аға оқытушысы, PhD докторы А.К. Кушенбекова Erasmus+ «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері саласында ЖОО-нан кейінгі білім беруді жетілдіру (SAGRIS)» жобасымен таныстыру жұмыстарын жүргізді.

Баяндама барысында жобаның мерзімі, жалпы мақсаттары, міндеттері, ЕО ЖОО, РФ ЖОО, ҚР ЖОО серіктестер, ғылыми-зерттеу ұйымдары және кеңес беруші серіктестер, қауымдастырылған серіктестер, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жобасының қатысушыларымен таныстырды.

Сондай-ақ «Ақылды» ауыл шаруашылығы және цифрландыру», «Климаттың өзгеруі жағдайындағы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы жүйелері»модульдері бойынша жұмыс нәтижелерімен таныстырдыы.

Баяндама соңында тыңдаушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды. Тыңдаушылар жобаның барлық қатысушыларына өз тілектерін білдірді.

Erasmus+ «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері саласында ЖОО-нан кейінгі білім беруді жетілдіру (SAGRIS)» жобамен таныстыру кездесудің есебі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған