14 сәуірде Жобаның жергілікті комитеті мүшелерінің онлайн-кездесуі өтті, онда жобаны іске асыру, өткізу және болашақтағы іс-шаралар мәселелері талқыланды.

Отырыстың негізгі нәтижесі модульдік оқыту жүйесін қолдана отырып, дуальды білім беру бағдарламасын түрлендіру туралы шешім қабылдау болды. Қазақстандық университеттер студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын одан әрі ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында өздерінің оқу жоспарларына өзгерістер енгізеді.

Сондай-ақ, комитет жабдықтарды сатып алу процесіне, 2021 жылғы 21-22 сәуірдегі GeKaVoc/KAZDUAL конференциясына қатысуға, алдағы ЭҰҚ мониторингіне және оқыту әдістемесі бойынша семинар өткізуге қатысты мәселелерді талқылады.

DIARKAZ жергілікті комитеті мүшелерінің онлайн-отырысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған