16 наурыз күні   Нұр-Сұлтан қ. Эразмус+ бағдарламасының «Компьютерлік ғылымдар саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық» (ACeSYRI) жобасының (тіркеу номері 610166-EPP-1-2019-1-SK-EPPKA2-CBHE-JP) алғашқы мониторингі өтті. Мониторинг Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесінің директоры Ш.Ө.Тасболатовамен өткізілген болатын.

Ұлттық координатор – Назарбаев Университетінің доктор Мартин Люкач басқаратын командасымен ұйымдастырылған мониторингтік кездесуге «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Алматы энергетика және байланыс университетінің, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, Сулейман Демирел Университетінің жұмыс топтарының мүшелері қатысты.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінен мониторингке жобаның университеттік координаторы, физика-математикалық ғылымдарының кандидаты, ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің жетекшісі Камалова Г.А. және жоба әкімшісі, э.ғ.к. Султанова З.Х. қатысты.

Мониторингтен өту кезінде ACeSYRI жобасын іске асыру процесін бағалаумен қатар Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесінің директоры Ш.Ө.Тасболатовадан пайдалы практикалық нұсқаулар алынған болатын.

ACeSYRI жобасының алғашқы мониторингі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған