Эразмус+ бағдарламасының «Компьютерлік ғылымдар саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық» (ACeSYRI) жобасының (тіркеу номері 610166-EPP-1-2019-1-SK-EPPKA2-CBHE-JP) жоспарланған алғашқы жұмыс және үйлестіру кездесуі 26-27 наурыз аралығында скайп-кездесу форматында өткізілген болатын.
Жоба координаторы – Жилин университетінің профессорлері Елена Зайцева мен Виталий Левашенко және инженерия докторы Брита Эндерсовадан құралатын командасымен ұйымдастырылған кездесуге жобаның ұлттық координаторы доктор Мартин Люкач (Назарбаев Университеті), «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Алматы энергетика және байланыс университетінің, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, Сулейман Демирел Университетінің жұмыс топтарының мүшелері қатысты. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінен скайп-кездесуге жобаның университеттік координаторы, физика-математикалық ғылымдарының кандидаты, «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің жетекшісі Камалова Г.А., педагогика ғылымдарының кандидаты, «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің доценті А.В.Насс және жоба әкімшісі, э.ғ.к. Султанова З.Х. қатысты.
Скайп-кездесу кезінде еуропалық координаторлармен 2020 жылға бағытталған ағымдағы міндеттер таныстырылып, жобаның әрі қарай іске асырылуының қаржылай және операциялық аспектілері, операциялық менеджменті талқыланған болатын.

ACeSYRI жобасы бойынша алғашқы скайп кездесу

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған