15 мамырда ҚИнЭУ ЖОО өнеркәсіпті автоматтандыру және робототехника саласындағы жұмыс берушілерімен онлайн-кездесу өткізілді. Кездесуге жоба серіктесі «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, Корпоративтік университет басшысы Олкинян Л.Ю., Первоналды оқыту және дамыту орталығының басшысы Аубакирова М.Б., бас механик Щербаков М.А., БӨҚжәнеА инженерлері Макаев С.Т., жобаның ассоциацияланған серіктестері Қазақстандық автоматтандыру және робототехника ассоциациясының президенті Туреханов В.Б. және Festo AG&Co компаниялар тобының оқу бөлімшесінің директоры Кусков С.О. қатысты. Жобаның серіктес-ұйымдарынан басқа кездесуге Қазақстанның өзге де кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Кездесу барысында «Өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехника» білім беру бағдарламасының түлектеріне қажетті шеберлік пен құзыреттіліктер, білім беру бағдарламасының мазмұны, жұмыс берушілердің дуалдық білім беру бағдарламасына қатысу мүмкіндігі мен шарттары, дуалдық оқытуды ұйымдастыру әдістемесі («ЖОО-кәсіпорын» оқыту сызбасы) талқыланды. Қазақстанда кәсіпорындар мен ЖОО өзара әрекеттесу тетіктерін әзірлеу жөніндегі ауқымды жұмыс күтілуде. Жұмыс берушілермен өткен кездесу – бұл осындай ынтымақтастықтың дамуына және нығаюына кезекті үлес.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған