5 мамыр жұма күні жоба серіктесі – австриялық FH Joanneum университетінің профессоры Х. Хохринер қосарлы білім беру бағдарламасын және қосарлы оқыту процессін әзірлеу әдіснамасы жөніндегі үшсағаттық вебинар өткізді. Профессор Х.Хохринер өзінің ЖОО тәжірибесіне сүйене отырып, қосарлы оқытуды ұйымдастырудың негізгі сәттерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Қазіргі сәтте ҚИнЭУ, ИНЕУ және БҚАТУ зерттеушілері «Өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехника» білім беру бағдарламасының жобаларын әзірледі, сондықтан қосарлы оқыту процессінің және кәсіпорындармен ынтымақтастық жолдарын іздестіру қазақстандық ЖОО үшін өзекті болып табылады. Австриялық әріптестердің Германия университеттерімен қатар қосарлы білім берудің көшбасшыларының бірі ретіндегі тәжірибесі қазақстандық серіктестер үшін өте пайдалы, бірақ әдіс-тәсілдердің барлығы Қазақстан жағдайында қолданыла бермейді. Сондықтан, үш қазақстандық ЖОО жобалаушы топтарының республикада қосарлы білім беруді дамытудың өзіндік жолын іздестіру үшін көп жұмысы бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған