2020 жылы 20 тамызда Агротехнологиялық институтында өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы жоғары мектебінің аға оқытушысы А.К. Кушенбекова Erasmus+ «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері саласында ЖОО-нан кейінгі білім беруді жетілдіру (SAGRIS)» жобасымен таныстыру жұмысын жүргізді. Жоба Еуропалық Комиссия қаржыландыратын Эразмус + бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда. Осы жарияланымның/материалдың мазмұны автордың жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Комиссияның көзқарасын көрсетпейді».
Баяндама барысында жобаның мерзімдері, жобаның жалпы мақсаттары, міндеттері, ЕО ЖОО, РФ ЖОО, ҚР ЖОО серіктестер, ғылыми-зерттеу ұйымдары және кеңес беруші серіктестер, қауымдасқан серіктестер, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жобасына қатысушылар көрсетілді.
Сондай-ақ, «Ақылды» ауыл шаруашылығы және цифрландыру», «Климаттың өзгеруі жағдайындағы өсімдік және мал шаруашылығы жүйелері» модульдер бойынша жұмыстың алғашқы нәтижелері көрсетілді.

Erasmus+ «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері саласында ЖОО-нан кейінгі білім беруді жетілдіру (SAGRIS)» жобамен таныстыру кездесудің есебі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған