Сауалнамаға Батыс өңірінің жұмыс беруші ұйымдарының 4 ірі өкілі қатысты («Трансформаторлық зауыт» ЖШС, «Орал механикалық зауыты» ЖШС, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Стекло – Сервис» ЖШС).
Жұмыс беруші ұйымдар өкілдерінің сауалнамалық сұраулары төмендегілерді көрсетті:
– автоматтандыру және робототехника бейіні бойынша білікті кадрлардың тапшылығы (90%)
– автоматтандыру және робототехника бейіні бойынша қызметкерлер штатын ұлғайту (20%)
– жұмыс орнында автоматтандыру және робототехника бейіні бойынша қабылданған жас мамандарды жете оқыту (10%)
– Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-мен тікелей және кері байланыс (100%)
– болашақ мамандарға жұмыс орындарын ұсына отырып, практикалық дайындауға қатысу (30%)
– түлектердің қарым-қатынасына қол жетімділік (80%)
Студенттерді тиімді оқыту:
– теориялық оқыту деңгейін (ЖОО-да) 50% және өндірісте практикалық дайындықты 50% арттыру
Автоматтандыру және робототехника бейіні бойынша мамандардың орындауға тиіс негізгі міндеттері:
– ҚТ және өндіріс мәдениетін сақтау;
– жұмысты сапалы және тиімді орындау;
– өзін-өзі дамыту.
Барлық кәсіпорындарда СББ жабдықтары бар.
Жұмыс берушілер кәсіпорын және табысты жұмыс үшін студенттің жеке қасиеттерін атап өтті:
1. Сапалы жұмыс істеуге талпыну;
2. Тәртіп және жауапкершілік;
3. Мамандықты түсінуге және оқуға ұмтылу.
Кәсіпорындар тілек ретінде Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-мен бірлесе отырып жаңа, ғылыми жобаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысатынын және біздің түлектерге мүдделі екенін атап өтті.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жұмыс тобы «Қазақстандағы өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехника бойынша қосарлы білім беру/DIARKAZ» Эразмус+ жобасының іс-шаралар жоспарына сәйкес сауалнама жүргізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған