2020 жылы 18 маусымда Эразмус + «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері саласында ЖОО-нан кейінгі білім беруді жетілдіру (SAGRIS)» атты жобасы аясында кездесу өтті. Модуль 1: «Ақылды» ауыл шаруашылығы және цифрландыру. Кездесу Zoom платформасында онлайн режимінде өтті.

Кездесуге Нюртинген – Гайслинген экономика және қоршаған орта университетінің (Германия), Варшава жаратылыстану ғылымдарының университетінің (Польша), Чехия жаратылыстану университетінің (Прага), Ставрополь мемлекеттік аграрлық университетінің (Ресей), Новосибирск мемлекеттік аграрлық университетінің (Ресей), Бурят мемлекеттік ауылшаруашылық академиясы (Ресей), Якут мемлекеттік ауылшаруашылық академиясы (Ресей), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Қазақстан), Қазақ ұлттық аграрлық университеті (Қазақстан) өкілдері қатысты. Біздің университет атынан Оңаев М.Қ., Богдашкина И.В., Кушенбекова А.К қатысты.

Жиналыста келесі мәселелер: модуль идеясы, қажеттіліктер, қызығушылықтар, 1 – модульді дамыту шеңберіндегі іс-шаралар, 1 – модульдің мақсаттары мен тақырыпшалары қарастырылып, талқыланды

Erasmus+ «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері саласында ЖОО-нан кейінгі білім беруді жетілдіру (SAGRIS)» «Ақылды» ауыл шаруашылығы және цифрландыру 1 модулі бойынша модульдік жұмыс тобының 1-ші отырысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған