2020 ж. 16 маусымда Эрасмус + «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері саласында ЖОО-нан кейінгі білім беруді жетілдіру (SAGRIS)» жобасының 4-ші модулі бойынша «Тұрақты ауылшаруашылықты зерттеу әдістері» модульдік жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Видеоконференцияда келесі университеттердің өкілдері қатысты: Неміс тропиктер және субтропиктердегі ауыл шаруашылығы институты, Нюртинген-Гайслинген университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Бурят мемлекеттік ауылшаруашылық академиясы, Якут мемлекеттік ауылшаруашылық академиясы, Новосибирск мемлекеттік аграрлық университеті, Ставрополь мемлекеттік аграрлық университеті. Бейнеконференцияда біздің университет атынан қатысқандар: Богдашкина И.В., Закирова Ф.Б. және Монтаева Н.С. Кездесуде жобаның барлық қатысушылары танысып, келесі кездесудің міндеттері мен алдын-ала мерзімі келісілді.

«Тұрақты ауылшаруашылықты зерттеу әдістері» модульдік жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған