Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебі Erasmus+ «Информатика саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық» (ACeSYRI) жобасы аясында 17 қазанда университеттің 60 жылдығына арналған «SMART CITY: технологиялар мен инновациялар» тақырыбында халықаралық конференция өткізді.
Конференцияға түрлі шетелдік ғалымдар: Зайцева Елена, PhD, профессор, Жилин университеті (Словакия), Питер Мартон, PhD, профессор, Жилин университеті (Словакия), Сытина Надежда С., П. ғ. д., профессор, БМПУ им.Ақмуллы, (Ресей), сондай-ақ «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің оқытушылары мен «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» мамандығы бойынша білім алушылар қатысты.
Конференцияда «Prognostic and Health Management as Smart Technology of Industry 4.0», «Application of artificial intelligence technologies in education», «Бұлтты сақтау қауіпсіздігіне арналған криптографиялық механизмдерге шолу», «Сымсыз ұялы желілердің эволюциясы: дамудың негізгі кезеңдері», «5G и периферийные вычисления для обеспечения связи с низкой задержкой в системах Smart city» және басқа да көптеген ғылыми-зерттеу бағыттары талқыланды. Конференция сәтті аяқталып, қатысушылар құнды ғылыми нәтижелерге қол жеткізді.