4-6 сәуір аралығында  ACeSYRI жобасының кезекті отырысы Словакия мемлекетінің Жилина қаласының Жилина университетінде (UNIZA) өтті. Оған Жәңгір хан университетінің өкілдері де қатысты.

Атап айтқанда қазақстандық оқу орнынан аталмыш жиынға жоба координаторы, «Цифрлық даму» орталығының директоры Гаухар Әбдумүтәліпқызы Камалова, оқытушы-зерттеуші, «Ақпараттық технологиялар»  жоғары мектебінің аға оқытушысы Айгүл Дәулетқызы Кубегенова, жоба әкімгері және сапа бақылау офицері Замзагүл Хамитқызы Сұлтанова қатысты. Басқосуда жобаның биылғы жылға жоспарланған іс-шаралары қарастырылып, әр университет өз жауапкершілігіне берілген жұмыстарды егжей-тегжейлі талқылады. ACeSYRI порталының қолдану жолдары мен мүмкіндіктері де қарастырылды.

 

Жилина университетінде өткен басқосу

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған