2022 жылдың 1 маусымында «Агротехнологиялық институтында» доцент м.а А.Г. Нагиева «ERASMUS + 610383-EPP-1-2019-1-DE-EPPKA2-CBHE -JP (2019-2086) Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ агрожүйелерде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жақсарту (SAGRIS)» халықаралық жобасы аясында «Климаттың өзгермелі жағдайында өсімдік және мал шаруашылығы жүйелері» 2 модулі бойынша «Ғылыми зерттеудің заманауи әдістері» тақырыбында докторанттар мен магистранттардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді..

Жиын барысында А.Г.Нагиева жоба және ғылыми зерттеудің модульдері мен әдістері бойынша жұмыс нәтижелері туралы презентация жасады. Докторанттар ғылыми бағыттарды, зерттеудің өзектілігін, орындалған жұмыс кезеңдерін қысқаша атап өтті. Сонымен қатар, әр саладағы өзекті мәселелер талқыланып, өз пікірлерімен түйткілді мәселелерді шешу жолдары ұсынылды. Өсімдік және мал шаруашылығы саласындағы жұмыс берушілер де онлайн форматта шақырылып, студенттердің сұрақтарына жауап беріп, тәжірибелерімен бөлісті.

Климаттың өзгеруі жағдайындағы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы жүйелері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған