Германияның Нюртинген қаласындағы Нюртинген-Гайслинген университетінде  «Ақылды ауыл шаруашылығы және цифрландыру» ERASMUS + «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ агрожүйелер саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жетілдіру» атты жобасы өтті. Біздің университеттің атынан Агротехнологиялық институттың директоры т.ғ. к., доцент Оңаев Марат Қайырлыұлы, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы жоғары мектебінің аға оқытушысы PhD Кушенбекова Алия Қуандыковна, докторант Кужебаева Улболсын қатысты. 

Семинар барысында Нюртинген-Гайслинген университетінің докторы Хайнрих Шюлле (Германия), докторанттар Сара Пфафф, Иоханнес Мунц баяндама жасады.  Сондай-ақ, техникалық университетінің Доктор Михаэль Паулус, доктор Альберт Штоль, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің т.ғ.к. Оңаев М. Қ., Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университетінің докторы Жарас Айнақұлов, Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университетінің профессоры Қуаныш Жоламанов, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің докторы Ермек Сарсикеев, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің магистрі Бейбіт Калиев баяндамалар жасады.

Семинар барысында қатысушылар топтар бойынша жұмыс жүргізді. Семинар барысында Ламердинген мал азығын кептіру зауытына, майлы дақылдарды өсіру бойынша Йоханнес Зелль шаруашылығына, DiWenkla есептік кездесуіне, Mereihof Hohenheiim оқу кәсіпорнына, LAZBW мал шаруашылығы аграрлық орталығына, Drehers Erlebnishof Bad Saulgau фермерлік шаруашылығына барумен практикалық сабақтар өткізілді.

«Ақылды ауыл шаруашылығы және цифрландыру» семинар-блогы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған