2021 жылдың 26 қарашасында ERASMUS+ 610383-EPP-1-2019-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP(2019-2086) Тұрақты Ауыл шаруашылығы және болашақ агрожүйелер саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жетілдіру (SAGRIS) халықаралық жобасының аясында профессор-оқытушылар құрамы, өндірістік серіктестер және докторанттардың қатысуымен Агротехнологиялық институттың кеңесінде Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Климаттың өзгеруі жағдайындағы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы жүйесі» 2 модулі бойынша 2021 жылғы жұмысының қорытынды баяндамасы ұсынылды. Баяндама барысында

– семинарларға қатысу және бағдарламаларды әзірлеуді талқылау;

– орыс және ағылшын тілдерінде tool-box жасалды;

– әзірленген бағдарламалар бойынша презентациялар дайындалды;

– әдебиеттерді іріктеумен жұмыс жасалды;

-екі жоғары оқу орны (А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ және В. Р. Филиппов атындағы БМАША) базасында блок-семинарларға қатысу;

– кейстер, баяндамалар әзірлеу бойынша докторанттармен және аспиранттармен жұмыс сынды мәселелер айтылды.  

«Климаттың өзгеруі жағдайындағы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы жүйесі» 2 модулінің құрамы онлайн-кездесулер мен семинарларға белсенді қатыса отырып, жыл бойы жоспарлы түрде жұмыс істеді.

Естеріңізге сала кетейік, жоба 2020 жылдың қаңтарында басталды, оны 2023 жылдың наурызына дейін іске асыру жоспарланған.  Жоба жұмыс істеген бір жыл ішінде құрамына 150-ден астам оқытушы кіретін жоғары оқу орындары арасындағы модульдік жұмыс топтары құрылып, жұмыс істеуде. Әзірлеу процесін үйлестіретін Ресей мен Қазақстанның жауапты әріптес жоғары оқу орындары айқындалды. Докторанттар үшін Еуропалық сапа стандарттарына сәйкес SARGIS білім беру пәндерін/модульдерін әзірлеу бойынша жұмыс басталды.

«Климаттың өзгеруі жағдайында өсімдік және мал шаруашылығы жүйелері»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған