ERASMUS + жобасының «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ агрожүйелер саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жетілдіру» аясындағы 1-модуль бойынша 1-блок-семинар «Ақылды ауыл шаруашылығы және цифрландыру» деген атаумен өтті. 

Семинар 14-18 маусым аралығында Алматы қаласында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде өтті. Біздің университеттің атынан «Агротехнологиялық институттың» директоры, т.ғ.к., доцент Онаев Марат Қайырлыұлы, «Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебінің аға оқытушысы, PhD доктор Кушенбекова Алия Куандыковна, докторанттар: Дукеева Аида, Карагулов Әділбай, Кужебаева Ұлболсын қатысты. Семинар барысында проф., доктор Маркус Франк (Нюртинген-Гейслинген университеті, Германия), доктор Марат Онаев (Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Қазақстан), Ян Маснер, PhD, (Прагадағы Чех жаратылыстану ғылымдары университеті, Чех Республикасы), проф., доктор Қуаныш Жоламанов, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті) баяндама жасады. Семинар жұмысын доктор Сергей Щукин, доктор Виталий Тихоновский, доктор Александр Диденко (Новосибирск мемлекеттік аграрлық университеті, Ресей) жүргізді.

Жиын барысында Agritech HUB KAZNAU, «Байбұлақ» оқу шаруашылығына, «Интенсивті бақ» Қазақстан-Нидерланды орталығына экскурсиялар ұйымдастырылды. Докторанттар топтарда SMARTagro жобаларын талқылау бойынша жұмыс жасады және әзірленген жобаларды ұсынды.

«Ақылды ауыл шаруашылығы және цифрландыру»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған