2021 жылы 27 мамыр Эразмус + «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері саласында ЖОО-нан кейінгі білім беруді жетілдіру (SAGRIS)» атты жобасы аясында үшінші семинар өтті. Модуль 1: «Ақылды» ауыл шаруашылығы және цифрландыру. Семинар Zoom платформасында онлайн режимінде өтті.

Семинарға Нюртинген – Гайслинген экономика және қоршаған орта университет (Германия), Варшава жаратылыстану ғылымдарының университет (Польша), Чехия жаратылыстану университет (Прага), Ставрополь мемлекеттік аграрлық университет (Ресей), Новосибирск мемлекеттік аграрлық университет (Ресей), Бурят мемлекеттік ауылшаруашылық академия (Ресей), Якут мемлекеттік ауылшаруашылық академия (Ресей), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет (Қазақстан), Қазақ ұлттық аграрлық университет (Қазақстан) өкілдері қатысты. Біздің университет атынан Оңаев М.Қ., Кушенбекова А.К қатысты.

Cеминар барысында біздің университет атынан Оңаев М.Қ. «Ауыл шаруашылығы өндірісінде қолданылатын ресурстар. Ресурстарды үнемдеудің мақсаттары мен міндеттері» тақырып бойынша баяндама жасады.

Erasmus+ «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері саласында ЖОО-нан кейінгі білім беруді жетілдіру (SAGRIS)»«Ақылды» ауыл шаруашылығы және цифрландыру 1 модулі бойынша модульдік жұмыс тобының 3-ші семинар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған