2020 жылдың 15 желтоқсанында Zoom платформасы негізінде Эразмус+ бағдарламасының «Компьютерлік ғылымдар саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық» (ACeSYRI) жобасының (тіркеу номері 610166-EPP-1-2019-1-SK-EPPKA2-CBHE-JP) алғашқы жылдың жиналысы өтті.

Жоба координаторы – Жилин университетінің профессорлері Елена Зайцева мен Виталий Левашенкодан құралатын командамен ұйымдастырылған кездесуге жобаның ұлттық координаторы доктор Мартин Люкач (Назарбаев Университеті), «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Алматы энергетика және байланыс университетінің, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, Сулейман Демирел Университетінің жұмыс топтарының мүшелері және қауымдастырылған серіктестердің – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы мен «Қазақстан ақпараттық қауіпсіздік қауымдастығы» заңды тұлғалар одағының – өкілдері қатысты.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінен онлайн-кездесуге жобаның университеттік координаторы, физика-математикалық ғылымдарының кандидаты, «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің жетекшісі Камалова Г.А. және жоба әкімшісі, э.ғ.к. Султанова З.Х. қатысты.

Онлайн-кездесу кезінде жобаның 2020 жыл ішінде іске асырылуының негізгі нәтижелері баяндалып, әрі қарай іске асыру сұрақтары талқыланған болатын.

ACeSYRI жобасы бойынша жылдық жиналыс

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған