Бейне- конференцияның ұйымдастырушысы-Michal Lostak, Prof. PhDr., Ph.D.. First Vice-Rector Czech University of Life Sciences Prague. Czech Republic. Бейнеконференцияға модуль бойынша жауаптылар мен Жәңгір хан ат. БҚАТУ, С. Сейфуллин ат. ҚАТУ, ҚазҰАУ, Бурят МАША, Ставропольск МАУ, Прагадағы Чех жаратылыстану ғылымдары университеті өкілдері қатысты.

Біздің университетімізден видеоконференцияда Модуль 2 бойынша жұмыс тобының құрамы: жауапты – доцент м.а., PhD Нагиева А. Г., аға оқытушы PhD Кушенбекова А.К қатысты.

Михал Лоштак ашылу сөзін сөйледі және жиналыстың күн тәртібіне шолу жасады.

Тапсырма модульдің мазмұнын дамыту болып табылады.

Қазақстандық және ресейлік жоғары оқу орындары 2 модульдің 5 ішкі тақырыбы үшін RU және KZ бөлек әзірленген ішкі тақырыптардың мазмұнына презентация жасады (1 тақырыптық 1 университет).

Нагиева А.Г. 3-тақырып бойынша «Ресурстарды (су ресурстары, экожүйелер және жерді пайдалану) тұрақты пайдалану және басқару» тақырыбында презентация жасады. Михал Лоштак оң баға берді, әсіресе университетте докторанттардың ғылыми жобаларға қатыстыратындығына өте жақсы екенің атап өтті.

Сонымен қатар барлық кіші тақырыптар, мақсаттар, тақырыпшалардың мазмұны, білім берудің үшінші деңгейіне сәйкес нақтылау (докторантура, аспирантура), оқытудың инновациялық әдістерін талдау және т.б талқыланды.

2020 жылдың 25 қыркүйегінде Erasmus+ SAGRIS халықаралық жобасының «Климаттың өзгеруі жағдайындағы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы жүйесі» 2 Модуль бойынша ЖОО аралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған