29 мамырда SAGRIS «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері саласында ЖОО-нан кейінгі білім беруді жетілдіру (SAGRIS)» жобасы бойынша WebEx платформасында онлайн түрде мониторинг өтті. Мониторингті Қазақстандағы Эразмус + бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің директоры Ш.У.Тасболатова жүргізді. Мониторингке Қазақстанның төрт ЖОО: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Нюртинген-Гейслинген университеті, сонымен қатар академиялық емес серіктестер: Ұлттық ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу орталығы, тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі қатысты. Мониторинг барысында қазіргі уақытта жобаны іске асыру барысын бағалау, қойылған міндеттердің нәтижелері туралы ақпарат алу, сапаны қамтамасыз ету шаралары, нәтижелерді тарату және пайдалану, жобаның әсері мен тұрақтылығы сияқты мәселелер талқыланды. Бұл іс-шараға Жәңгір хан атындағы БҚАТУ атынан жоба координаторы және администраторы, сонымен қатар барлық жұмыс топтарының жетекшілері қатысты.

«Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері саласында ЖОО-нан кейінгі білім беруді жетілдіру (SAGRIS)» жобасының мониторингі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған