«Компьютерлік ғылымдар саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық»

610166-EPP-1-2019-1-SK-EPPKA2-CBHE-JP ACeSYRI

Жоба мерзімі: 15 қаңтар 2020 жыл – 14 қаңтар 2023 жыл

Координатор: Жилин университеті (Словак Республикасы)

Жобаның жалпы мақсаттары – АКТ саласындағы Қазақстандық және Еуропалық университеттердің ұзақ мерзімді ынтымақтастығына арналған негіз ретінде аспиранттар мен докторанттарға арналған ACeSYRI деректер базасын және платформасын құру.

https://acesyri.eu/

– Жас зерттеушілер мен аспиранттарға арналған оқыту принциптерін және практикасын, зерттеу әдіснамасын және этикалық шектеулерді қамтитын білім базасын құру.
– ACeSYRI порталының ғылыми кеңестер алу және докторанттар мен аспиранттардың қажетті ақпаратты іздеуі үшін ғана емес, сондай-ақ олардың Қазақстаннан тыс жерлердегі зерттеулеріне сәйкес салалардағы ғылыми кеңесшілерді халықаралық зерттеу жобаларына қатысуға тарта отырып іздеу үшін де база ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
– CERES журналы аясында жас зерттеушілерге жариялауға мүмкіндік беру.
– Арнайы семинарлар мен студенттік сайыстарда, атап айтқанда ZU / Жилин университеті ұйымдастыратын IDT конференциясында (ақпараттық және цифрлық технологиялар) презентациялар өткізу үшін алаң ұсыну.

ЕО – бағдарлама елдеріндегі жоо-дары
1. Жилин университеті, Словак Республикасы – ZU (координатор)
2. Лодзь университеті, Польша – ULO
3. Лотарингия университеті, Франция -UL
ҚР – бағдарламадағы серіктес елдердегі жоо-дары
4. Назарбаев Университеті, Қазақстан Республикасы – NU
5. «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті»
КЕАҚ, Қазақстан Республикасы – KazNRTU
6. Алматы энергетика және байланыс университеті, Қазақстан Республикасы
– AUPET
7. «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық
университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы – WKATU
8. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан –
KKSU
9. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы – NKSU
10. Сулейман Демирел Университеті, Қазақстан Республикасы – SDU
Қауымдастырылған серіктестер
11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі
және академиялық ұтқырлық орталығы, Қазақстан Республикасы – BPAMC
12. «Қазақстан ақпараттық қауіпсіздік қауымдастығы» заңды тұлғалар одағы,
Қазақстан Республикасы

Камалова Г.А. – физика-математика ғылымдарының кандидаты, ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің жетекшісі, жоба координаторы.

Таубаев У.Б. — басқарма төрағасы-ректордың бірінші орынбасары, стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректор.

Таршилова Л.С. — экономика ғылымдарының кандидаты, қосымша білім беру, біліктілікті арттыру басқармасының бастығы.

Насс О.В. – педагогика ғылымдарының кандидаты, ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің доценті.

Даньшин А.А. — техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.

Ахметова А.Б. — IT ресурстарын жоспарлау және дамыту бөлімінің жетекші инженер-бағдарламашысы.

Султанова З.Х. — экономика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы, жоба администраторы.