13-24 маусым аралығында ҚИнЭУ-де «білім беру жүйесі қызметкерлеріне арналған пневмоавтоматика және мехатроника негіздері»біліктілікті арттыру курстары өтті. Ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасының оқытушылары Алдашева Динара Туленгалиевна мен Ақамбай Индира Есенқұлқызы «СарыаркаАвтоПром» ЖШС БӨАжА инженері Макаев Сакен Тлеукабеловичпен бірлесіп, 20 білім алушыларына – М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің, ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің, Қостанай политехникалық жоғары колледжінің және Қазтұтынуодағы Қостанай Жоғары колледжінің оқытушыларына, оның ішінде Астана IT Университеті және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің екі студентіне  – 72 сағаттық курс әзірлеп, өткізді.

Білім алушылар курстың өзектілігі мен сапасын және оқытушылардың кәсіпқойлығын атап өтті, сондай-ақ осындай курстарды жылына екі рет тұрақты негізде өткізуді ұсынды. Курс аяқталғаннан кейін білім алушыларға куәліктер берілді.

ҚИнЭУ-де LLL бағдарламасын іске асыру

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған