2022 жылдың 6 қыркүйегінде Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да Erasmus+ бағдарламасының «Компьютерлік ғылымдар саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық» (ACeSYRI) жобасының (тіркеу номері 610166-EPP-1-2019-1-SK-EPPKA2-CBHE-JP) жұмыс тобының жиналысы өтті.

Кездесу барысында басқару тобынан, ғылыми жетекшілерден және жас зерттеушілерден тұратын жобалық топтың өзгертілген құрамы ұсынылды. Сонымен қатар жоба координаторы Ө.Б.Таубаев және жоба әкімшісі З.Х.Сұлтанова ACeSYRI жобасының іске асырылу барысы және жобалық топтың 2022-2023 оқу жылына арналған міндеттері туралы ақпараттан хабардар етті.

Жоба координаторының көмекшісі, «Ақпараттық технологиялар» орталығының директоры Гаухар Абдумүтәліпқызы Камалова жобалық топ мүшелерінің University of Lorraine атты серіктес жоғары оқу орнына сапары, француз университетімен одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Басқосу барысында жобаны одан әрі іске асыру мәселелері талқыланды.

ACeSYRI жобасының жұмыс тобы бас қосты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған