Ол вебинарға қатысушыларға талапкерлердің әдеттегі жағдайда және пандемия кезінде дуалды білім беру бағдарламасына түсу процесінің барлық кезеңдерін анық көрсетті.
FH Joanneum Австриядағы екінші ірі қолданбалы ғылым университеті екенін атап өткен жөн. Мұнда 4600-ге жуық студент оқиды. Қолданбалы университет ретінде олар студенттерге практикаға бағытталған, күндізгі немесе сырттай оқу нысандарын, сонымен қатар пәнаралық бағыттағы бірлескен бағдарламаларды ұсынады. FHJ академиялық білім мен практикалық дайындықты үйлестіреді. Австриялық әріптестердің көп жылдық тәжірибесі қазақстандық серіктестерге өте қызықты, әрі талапкерлерді «Өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехника»білім беру бағдарламасына қабылдауды ұйымдастыруда пайдаланылатын болады.

2020 жылдың 12 қарашасында FH Joanneum университетінің профессоры Хельге Хохринер «Арыз беру және құжаттарды қабылдау тәртібі»тақырыбында вебинар өткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған