2020 жылы 3 шілде күні Эразмус + «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері саласында ЖОО-нан кейінгі білім беруді жетілдіру (SAGRIS)» атты жобасы аясында кездесу өтті. Модуль 1: «Ақылды» ауыл шаруашылығы және цифрландыру. Кездесу Zoom платформасында онлайн режимінде өтті.


Кездесуге Нюртинген – Гайслинген экономика және қоршаған орта университет (Германия), Варшава жаратылыстану ғылымдарының университет (Польша), Чехия жаратылыстану университет (Прага), Ставрополь мемлекеттік аграрлық университет (Ресей), Новосибирск мемлекеттік аграрлық университет (Ресей), Бурят мемлекеттік ауылшаруашылық академия (Ресей), Якут мемлекеттік ауылшаруашылық академия (Ресей), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет (Қазақстан), Қазақ ұлттық аграрлық университет (Қазақстан) қатысты. Біздің университет атынан Оңаев М.Қ., Кушенбекова А.К қатысты. Жиналыста 1 модульдің тақырыпшалары талқыланды.

Erasmus+ «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері саласында ЖОО-нан кейінгі білім беруді жетілдіру (SAGRIS)» «Ақылды» ауыл шаруашылығы және цифрландыру 1 модулі бойынша модульдік жұмыс тобының 2-ші отырысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған