30 маусымда «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері саласында ЖОО-нан кейінгі білім беруді жетілдіру (SAGRIS)» Erasmus+ халықаралық жобасының басқарушы комитетінің отырысы өткізілді. COVID-19 таралу себебінен отырыс Zoom платформасында онлайн түрде өтті. Онлайн-кездесуде университет атынан Богдашкина И.В. мен Иргалиева Г.Х. қатысты.

Отырыста келесі мәселелер талқыланды: 2020 жылдың мамыр-маусым айларында өткізілген іс-шараларға шолу: құрылған Модульдік жұмыс топтарына шолу, SAGRIS 4 модуліндерінің алғашқы кездесулерінің нәтижелері, мониторинг нәтижелерін ұсыну және талқылау; SAGRIS модульдерін құру бойынша алдағы іс-шараларды жоспарлау: модульдерді құру мерзімдеріне шолу жасау, модульдер бойынша келесі семинарларды жоспарлау; жаңа модульдер әдіснамасы бойынша Эразмус + ұлттық бюросының ұсыныстарын талқылау, модуль үлгісі бойынша ескертулерді қарау, алдағы әдістемелік семинарлардың қажеттілігін талқылау; сапа менеджменті жоспарына шолу: сапаны бақылау міндеттерін нақтылау (ішкі және сыртқы бағалау тұрғысынан), жүктелген міндеттерді үйлестіру, өлшенген сапа көрсеткіштері тұрғысынан сапаны басқару жоспарын қарау.

«Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері саласында ЖОО-нан кейінгі білім беруді жетілдіру (SAGRIS)» Erasmus+ халықаралық жобасының басқарушы комитетінің 3-отырысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған