29 Мамырда Erasmus+ SAGRIS халықаралық жобасының «Климаттың өзгеруі жағдайындағы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы жүйесі» модулі бойынша жұмыс тобының бейнеконференциясы өтті . Елімізде және әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты отырыс онлайн режимде өтті. Бейне-конференцияның ұйымдастырушысы-Michal Lostak, Prof. PhDr., Ph.D.. First Vice-Rector Czech University of Life Sciences Prague. Czech Republic. Бейнеконференцияға модуль бойынша жауаптылар мен Жәңгір хан ат. БҚАТУ, С. Сейфуллин ат. ҚАТУ, ҚазҰАУ, Бурят МАША, Ставропольск МАУ, Прагадағы Чех жаратылыстану ғылымдары университеті өкілдері қатысты. Конференцияда жұмыстың мақсаттары мен міндеттері талқыланды, модульді даярлау және докторантура бойынша жүргізілетін пәндерді талқылау, модульді енгізу және іске асыру бойынша алдағы қадамдар, ұсыныстар анықталды.

«Климаттың өзгеруі жағдайындағы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы жүйелері»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған